Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде интернет-алаяқтықтың бірнеше эпизодын жасады деген күдікпен 19 жастағы жас жігітті анықтады.
Анықталғандай, күдікті TikTok әлеуметтік желісінде киім сататыны туралы хабарландырулар жариялаған. Сатып алушылар онымен байланысқа шыққаннан кейін, ол тауар үшін алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шықпай қойған және өз міндеттемелерін орындамаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Астана қаласы полициясының қызметкерлерімен еліміздің басқа өңірінде ұсталып, елордаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оның заңсыз әрекеттерінің 9 эпизоды анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілер мен интернет-платформалар арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға шақырады. Сатушылар туралы ақпараттың шынайылығын мұқият тексеріп, сенімсіз тұлғаларға алдын ала ақша аудармаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1265696?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау