Ақтауда полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұржан Рахаев және учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдады.

Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтықтан қорғану, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және тұрғындарды алаңдатқан өзге де мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, учаскелік полиция инспекторларынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар мен құқықтық кеңестер алды. Сондай-ақ азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, күмәнді жағдайлар туралы полицияға дер кезінде хабарлау және көршілер арасындағы өзара жауапкершілік пен ынтымақтастықтың маңыздылығы түсіндірілді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, тұрғындардың сенімін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266154?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version