Ақтөбеде жастарға арналған «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 30 жасөспірімге арналған екі күндік «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға үлес қосу, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қатысты құқықтық жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ бопсалау, кибербуллинг, ұрлық, алаяқтық және лудоманияның алдын алып, жастар арасында дұрыс орта қалыптастыру.

Жоба аясында қатысушылар үшін психологиялық тренингтер, табиғат аясындағы арт-терапия, тимбилдинг және интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жастарға құқықтық жауапкершілік, интернет қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы полиция жасағының жауынгерлік-тактикалық жаттығуы көрсетіліп, қатысушылар құқық қорғау органдарының қызметімен танысты.

«Aqtobe Camp – 2026» – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1266025?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version