Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдарды дамыту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл бағыттағы жобалар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында. Осы ретте Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауыл округінде жалпы ұзындығы 8,635 шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Жеткіншек мөлтек ауданындағы А.Төребеков, Атауы жоқ №1, С.Төлендіұлы және Атауы жоқ №2 көшелеріне асфальт төселіп жатыр.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков асфальт жабындысы төселіп жатқан көшелерді аралап, жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен қарқынын бақылады. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жауаптыларға барлық жұмыстардың талаптарға сай әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.
Алдағы кезеңде Кіші Балдысу, Б.Тастыбаев, К.Тұрымбеков, Жібек жолы №3, Абылай хан, Т.Тоқбергенов, Жібек жолы-1, Ж.Меймандосов және Достық көшелеріне асфальт жабындысы төселеді. Сонымен қатар Абай елді мекенінде Шәкәрім-2, Қайсенов-2, Атауы жоқ №1 және Атауы жоқ №2 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары да қолға алынбақ.
Айта кетейік, биыл аудан көлемінде жалпы ұзындығы 39,5 шақырымды құрайтын елді мекендер ішіндегі 55 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде Шолаққорған, Созақ, Таукент, Жуантөбе, Тасты, Шу және Қаратау ауылдық округтеріндегі жалпы ұзындығы 31,7 шақырым болатын 39 көшеге асфальт жабындысы төселмек. Ал Қарақұр, Шаға, Ақсүмбе, Тайқоңыр, Қыземшек және Тасты ауылдық округтеріндегі жалпы ұзындығы 7,8 шақырымды құрайтын 16 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар KXSZ-12 «КХ-57 – Созақ – Бақырлы – Ақсүмбе» автомобиль жолының 11,05 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Жобаға сәйкес нысанды ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1266123?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау