Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша азаматтар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сот актілерін орындау, алимент өндіру, берешекті өтеу және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты өзекті мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындардың жеке сұрақтарына жауап беріліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша құқықтық кеңестер ұсынылды.
Iс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1265654?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау