Қарағанды облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы газбен жабдықтау ұйымдары мен Газ-техникалық инспекция өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Жиында автомобиль газ құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерін қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары пысықталды. Қатысушылар салалық заңнамаға енгізілген өзгерістермен танысып, мемлекеттік бақылау кезінде жиі кездесетін кемшіліктерді қарастырды.
Кездесу барысында өндірістік бақылауды ұйымдастыру, жабдықтарға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын, техникалық диагностика мен куәландыру жұмыстарын уақтылы атқару, қызметкерлерді оқытып даярлау және объектілерді қауіпсіз күйде ұстау мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар Газ-техникалық инспекция өкілі газ нысандарын қауіпсіз пайдалану мен тараптардың өзара іс-қимылы туралы баяндама жасады.
Іс-шара қорытындысы бойынша уәкілетті орган, жергілікті атқарушы құрылымдар және кәсіпкерлік субъектілері қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы ортақ шешім қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1266321?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау