2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 30 шілдесінде Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы № 150-155 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Шара интерактивті ойын форматында өтіп, 4 негізгі кезеңді қамтыды:
- «Блиц-сұрақтар»
- «Жағдаяттық кейстер»
- «Құжаттар инспекциясы»
- «Капитандар айқасы»
Оқыту барысында сайлау комиссияларының барлық мүшелері жоғары белсенділік танытып, сайлау заңнамасы мен өзекті мәселелер бойынша білімдерін пысықтады.
Шара соңында оқытуға белсене қатысқан қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1266272?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау