2026 жылғы 30 шілдеде Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы А. Сәлімгерейқызы Атырау облысының «Caspian News» телеарнасына «Лицензияланған мектеп – сапалы білімнің кепілі» тақырыбында сұхбат беріп, білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау және лицензиясыз қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Сұхбат барысында ата-аналарға балаларын білім беру ұйымдарына қабылдату кезінде оқу орнының мемлекеттік білім беру қызметіне лицензиясының бар-жоғын міндетті түрде тексерудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар лицензиясыз қызмет көрсететін мектептерде білім алудың ықтимал тәуекелдері мен қолданыстағы заңнама талаптары туралы айтылды.
Балалардың сапалы әрі заң талаптарына сәйкес білім алуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға мектеп таңдауда мұқият болып, лицензияланған білім беру ұйымдарына басымдық беру қажеттілігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1265922?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау