Луговой әскери гарнизонында өрт қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т. Рысқұлов ауданының Луговой әскери гарнизонында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында семинар сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараны Т. Рысқұлов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары өткізіп, әскери гарнизонның өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары көрсетілген жадынамалар мен ұсыныс қағаздары таратылды.

Семинар барысында әскери нысандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялық шығу жолдарының әрдайым дайын болуы, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы мәселелері кеңінен талқыланды.

Мамандар өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау төтенше жағдайлардың алдын алып, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті қорғаудың маңызды кепілі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1265880?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version