Манама, 2026 жылғы 28-29 шілде аралығы – Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Менілбеков Манама қаласына жұмыс сапары аясында Бахрейн Корольдігінің мемлекеттік органдарының, сарапшылық қауымдастығының және іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Қазақстан Елшісі Бахрейн Корольдігі Сыртқы істер министрі орынбасарының міндетін атқарушы және екіжақты қатынастар жөніндегі бас директоры шейх Абдулла бен Әли Әл Халифамен, Aluminium Bahrain B.S.C. (Alba) компаниясының Бас атқарушы директоры Әли Әл-Бақалимен, Royal Humanitarian Foundation Қамқоршылық кеңесі басшысының орынбасары доктор Мұстафа Әл-Сайедпен, сондай-ақ Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының Таяу Шығыс жөніндегі өңірлік орталығының (IISS-Middle East) басқарушы директоры Наташа Марвамен келіссөздер жүргізді.
Шейх А.Әл Халифамен өткен кездесу шеңберінде тараптар Қазақстан мен Бахрейн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылап, жоғары және аса жоғары деңгейлерде жоспарланған іс-шараларға дайындықты, сондай-ақ көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылды қарастырды. Екі ел өкілдері өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша бірлескен қадамдарды үйлестіруге және басым салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды.
Ә.Әл-Бақалимен пікір алмасу кезінде алюминий өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, металлургия саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ алюминий өндірісі мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды.
М.Әл-Сайедпен өткен келіссөздер аясында Елші Royal Humanitarian Foundation қорына 2021 жылы Астана қаласында 1200 орындық №91 мектептің құрылысына көрсеткен қаржылық қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары мен жаңа жобаларды талқылады.
Наташа Марвамен сұхбат барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, Таяу Шығыстағы қазіргі геосаяси үдерістерді, сондай-ақ Қазақстан мен IISS-Middle East арасындағы сараптамалық және талдамалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар алдағы халықаралық іс-шараларға дайындық, стратегиялық зерттеулер саласында тәжірибе алмасу, өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауымдастықтары арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, сапар қорытындысы бойынша қазақстандық дипломат «Bahrain TV» мемлекеттік телеарнасына берген сұхбаты барысында ол Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақстан – Бахрейн қатынастарының қазіргі жай-күйі, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары туралы баяндады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1266283?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау