«ЭШФ» ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) және электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) бланкілері жаңартылды.
Құжаттардың жаңа үлгілерімен дұрыс жұмыс істеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
– ERP-жүйелерін пайдаланушылар үшін: конфигурациялар мен интеграциялау механизмдерінің өзекті жаңартуларын орнату ұсынылады;
– Web-портал пайдаланушылары үшін: браузердің кэші мен тарихын тазалап, «ЭШФ» АЖ-ге қайта кіру ұсынылады.
Осы ұсыныстарды орындау құжаттарды рәсімдеу және жіберу кезіндегі қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1266289?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау