Бразилиа, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің Қазақстанның Перудегі Құрметті консулы Фреди Саравия мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Перу арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасын елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, оның ішінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енгені, бір палаталы Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауы және «Қазақстан Халық Кеңесі» құрамының жасақталуы жөнінде хабардар етті.
Фреди Саравия өз кезегінде, Қазақстан мен Перу арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, консулдық мәселелер, соның ішінде Перу аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берді. Кездесу барысында Құрметті консулға бірқатар ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында Перу Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстан Елшісі нәтижелі ынтымақтастық үшін сұхбаттасына алғысын білдіріп, Қазақстан мен Перу арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан үлесі үшін оған Елшіліктің Алғыс грамотасын табыс етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1265674?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау