Полиция қызметкерінің ұстанымы сыбайлас жемқорлық қылмыстың жолын кесуге ықпал етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қалалық соты лауазымды адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды.

Массаж салондарының бірінің қызметін тексеру барысында жеке кәсіпкер заңда белгіленген жауапкершіліктен құтылу және қолдауға ие болуға тырысып, криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Татиев Арманға бірнеше рет ақшалай сыйақы ұсынды.

Полиция қызметкері заңсыз сыйақы алудан бас тартып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес бұл факт туралы басшылыққа дереу баяндады. Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сот үкімі бойынша кінәлі адамға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 миллилон 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Ақмола облысының полиция департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидаты өзгеріссіз қалатынын еске салады. Полиция қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға итермелеу әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, ал мұндай фактілердің әрқайсысы міндетті құжаттауға және процестік бағалауға жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1266302?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version