Қазақстан кубогының жартылай финалында қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда қаласындағы «Қайсар» – «Жеңіс» командалары арасындағы Қазақстан кубогының жартылай финалдық кездесуі барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Матч өтетін аумақта полиция қызметкерлері жанкүйерлер мен ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауда ұстады. Сонымен қатар стадион маңында және оған іргелес көшелерде жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына ерекше назар аударылып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті профилактикалық және ұйымдастыру шаралары қабылданды. Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мерекелік спорттық кездесудің қауіпсіз әрі тыныш жағдайда өтуі қамтамасыз етілді.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1265690?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version