Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау туралы ақпараттық хабарлама
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2026 жылғы 23 тамызда (жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін) Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимаратында орналасқан №446 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау өтеді.
Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігі жанындағы №446 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Нидерланд аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіледі.
Сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (ТАӘ, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) алдын ала consul.hague@mfa.kz электрондық пошта мекенжайына «Құрылтай – 2026» деген белгімен жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық мәселелер бойынша №446 сайлау учаскесінің +31 70 427 2220 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1266018?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау