Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Көптеген тұрғындар құрылыс қалдықтарын, шабылған шөпті, ағаш бұтақтарын, ескі жиһазды және басқа да ірі көлемді қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған контейнер алаңдарына шығаруға болады деп қателеседі. Алайда бұл – абаттандыру қағидаларын бұзу болып табылады.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды заңсыз тастағаны үшін 400-ден астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құрылыс қалдықтары мен ірі көлемді қоқыстарды азаматтар арнайы полигонға өз күшімен шығаруға немесе мамандандырылған ұйымдардың қызметіне жүгінуге міндетті.
Ақтөбе қаласында учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, рейдтік іс-шаралар өткізуде. Тексеру барысында контейнер алаңдарының маңына құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды заңсыз жинау фактілері анықталуда.
Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғыны қоқыс контейнерлерінің жанына бірнеше қап құрылыс қалдықтарын қалдырған. Аталған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар құқық бұзушы аумақты өз күшімен тазалап, арнайы техника жалдау арқылы құрылыс қалдықтарын полигонға шығарды.
Полиция ескертеді: контейнер алаңдары тек тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған. Құрылыс қалдықтарын, ескі жиһазды, терезе мен есік жақтауларын, сантехникалық бұйымдарды, автокөлік шиналарын, ағаш бұтақтарын және басқа да ірі көлемді қалдықтарды контейнер алаңдарына немесе белгіленбеген жерлерге тастау заң бұзушылық болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1265781?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау