Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы 123 тік дренаж ұңғымасын реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр.
Жоба аясында тік дренаж ұңғымаларын жөндеу, ұңғымаларды басқару станциялары үшін ғимараттар салу, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында электр желілері мен трансформатор орнату жоспарланған.
Сонымен қатар өндірістік учаскелер мен «Қазсушар» РМК орталық аппаратына деректерді онлайн жеткізетін суды автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу көзделіп отыр.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысының аумағында жалпы саны 162 тік дренаж ұңғымасы бар. Бұл ұңғымалар жерасты суы деңгейін тұрақтандыруға, топырақтың сортаңдану қаупін азайтуға және суармалы жерлердің жағдайын жақсартуға қажет. Әзірленіп жатқан жоба су ресурстарын ұтымды пайдалануға және өңірдің аграрлық секторын тұрақты дамытуға бағытталған», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1265680?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау