Санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 437/56-VIII шешімімен Астана қаласының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, санаторлық-курорттық емделу түріндегі әлеуметтік көмек Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша кемінде үш жыл тіркелген адамдарға көрсетіледі, атап айтқанда:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға (әзірленген абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);

 жасына байланысты зейнеткерлерге жолдама құнының 20% төлемімен (әзірленген абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);

ең төменгі зейнетақы мөлшерін алушылар қатарындағы жасына байланысты зейнеткерлерге жолдама құнының 15% төлемімен (әзірленген абилитация және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).”

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген), бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға.

Санаторлық-курорттық емделуге жазылу электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, birge.astana.kz сайты арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Жазылуды әр азамат өз бетінше жүзеге асырады!

Жазылу әр айдың бірінші жұмыс күні сағат 09:00-де ашылады.

Жолдамалар санаторийлермен келісілген келу кестесіне сәйкес және белгіленген орындар саны шегінде беріледі.

📌 Назар аударыңыз!

Санаторий-курорттық емделуге арналған жолдамалар саны шектеулі. Өтініш білдірушілер санының көп болуына байланысты бос орындар жазылу ашылғаннан кейін қысқа уақыт ішінде толып қалуы мүмкін.

Белгіленген орындар толық толғаннан кейін тіркелу автоматты түрде тоқтатылады. Осыған байланысты жазылу кестесін алдын ала қадағалап, тіркелуді уақытылы рәсімдеуді сұраймыз.

Жазылған азаматтардың бірі жолдамадан бас тартқан жағдайда, босаған орындар сайтта қайтадан қолжетімді болып көрсетілетіндігін хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 3 тамызында сағат 9:00-де birge.astana.kz сайтында басқа кезеңдерге жазылу ашылатындығын хабарлаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzsp/press/news/details/1266006?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version