Шығыс Қазақстан облысында әкімшілік рақымшылықты іске асыру аяқталды. Нәтижесінде өңірде 32 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, жалпы сомасы 880 миллион теңгеге жуық айыппұл бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Игорь Клишин мәлімдеді.
Брифинг барысында ШҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Жарлығақов Нұрлан Алмасұлы өңірде әкімшілік рақымшылық аясында 60 мыңнан астам әкімшілік іс қысқартылғанын айтты. Оның сөзінше, рақымшылыққа іліккен азаматтарға қатысты барлық рәсім автоматты түрде жүргізіліп, шешімдер Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі арқылы қабылданған. Азаматтарға қабылданған шешімдер туралы SMS-хабарлама жіберілген.
Мамандардың айтуынша, рақымшылық атқарушылық іс жүргізулерді тоқтатуға, қойылған шектеулерді алып тастауға және бұрын ұсталған көлік құралдарын иелеріне қайтаруға мүмкіндік берді. Барлық рәсім азаматтардың қатысуынсыз цифрлық форматта жүзеге асырылды.
Рақымшылық – бір реттік ізгілік шарасы. Сондықтан азаматтар әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтағаны жөн, дейді тәртіп сақшылары.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1266131?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау