ШҚО-да еңбек заңнамасының сақталуына бақылау күшейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыста еңбек құқықтарын қорғау, өндірістегі қауіпсіздікті күшейту және еңбек тәуекелдерін азайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Жыл басынан бері Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне 1440 өтініш келіп түсті. Оның 95,7 пайызы еңбек қатынастарына қатысты. Осы кезеңде 211 тексеру жүргізіліп, 261 заң бұзушылық анықталды. Берілген 205 нұсқаманың нәтижесінде заң бұзушылықтардың 80 пайызы жойылды.

Сонымен қатар, өңірде өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға өсті. Алты ай ішінде 52 жазатайым оқиға тіркеліп, 62 адам зардап шекті. Оның ішінде 4 адам қаза тауып, 36 адам ауыр жарақат алған. Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі тау-кен металлургиясы мен құрылыс салаларында орын алған.

Еңбек қауіпсіздігін арттыру мақсатында облыстағы 124 кәсіпорын жоғары тәуекел аймағынан шығарылды. Бүгінде 45 кәсіпорын халықаралық «Vision Zero» тұжырымдамасын енгізіп, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1266223?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version