Ташенов көшесінің бойында 331 автоэкипаж қызметкерлері Н.Маденов пен Т.Асабаев қызметтік аумақты патрульдеу барысында қою түтінді байқайды. Оқиға орнына дереу жеткен олар жер үйдің өртеніп жатқанын анықтайды.
Полицейлер бірден «101» қызметіне хабар беріп, өрт сөндірушілерді шақырады. Арнайы қызмет келгенге дейін уақытты жоғалтпай, өз қауіпсіздігін барынша сақтай отырып, үйдің ішіне кіріп, барлық бөлмені аралап, адамдардың бар-жоғын тексереді. Абырой болғанда, үй ішінде ешкім болмайды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметімен тұрақты байланыста болып, олардың оқиға орнына мүмкіндігінше жедел жетуін сұрайды. Өрт сөндіру техникасы келген сәтте жол қозғалысын реттеп, арнайы көліктердің еш кедергісіз өтуіне жағдай жасайды.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен үйлесімді әрекетінің арқасында төтенше жағдай қызметтерінің жұмысына қолайлы жағдай жасалып, өртті сөндіру жұмыстары дер кезінде басталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1266263?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау