ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы тәуекелдерді жою мәселелері қаралды.
Отырыста Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев және Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Ниязбеков баяндама жасады.
Жиын барысында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енетіні атап өтілді. Аталған өзгерістер жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың және өзара байланысты өзге де адамдардың тікелей бағыныстылығына жол бермеуге бағытталған.
Осыған байланысты қала әкімі мүдделер қақтығысының алдын алу жұмыстарын күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуді және анықталған әрбір факті бойынша объективті шешім қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар аудан әкімдері мен басқарма басшыларына мүдделер қақтығысына жол бермеу және оны реттеу бойынша нақты шаралар қабылдау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақытылы анықтау үшін мониторингті күшейту міндеттелді.
Отырыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларына және оларды жою бойынша қажетті жұмыстарды ұйымдастырмаған басшылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтарға жедел әрекет ету және олардың алдын алу шараларын қабылдау қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға қабылданған ұсынымдарды іске асыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1266296?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version