Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті (бұдан әрі -МӘТ) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы шаралар талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 шілдеде «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының орынбасары Н. Жүнісовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті (бұдан әрі -МӘТ) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырылуына жүргізілен талдау қорытындысын талқылау мақсатында кеңес өткізілді.

Онда а.ж. екінші жартыжылдықта МӘТ- тің ясында атқарылатын іс-шараларды нақтылау, іске асыру мәселелері қаралды.

Басқарма бойынша «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтер» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2026 жылға арналған жоспар негізінде қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды, сондай- ақ жыл соңына дейін атқарылатын іс- шаралар пысықталды.

Кеңеске МӘТ орындаушысы «Қазақстанның азаматтары» ҚБ директоры Д. С. Полтаренко және Басқарманың осы мәселеге жауапты мамандары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-madeniet/press/news/details/1266166?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version