Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тамды ауылдық округі аумағында балалар ойын алаңдары мен кәріз құдықтарына рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейд барысында балалар ойын алаңдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, ойын құрылғыларының жай-күйі, сондай-ақ кәріз құдықтарының қақпақтарының болуы және олардың техникалық жағдайы, су айдындарының балалар үшін қауіпсіздігі, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін өзге де нысандар тексерілді.
Құрметті тұрғындар!
Балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, ойын алаңдары мен кәріз құдықтарына қатысты қауіпті жағдайларды байқасаңыздар, бұл туралы жауапты мекемелерге немесе Тамды ауылдық округі әкімдігіне дер кезінде хабарлауларыңызды сұраймыз.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1266134?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау