Тараз қалалық №7 емханасында Байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жиынға Байқау кеңесінің төрайымы Анар Досумбаева, басқарма басшысы Сержан Назарбек қатысты. Сондай-ақ Zoom платформасы арқылы оның мүшелері Гүлжан Терлікбаева мен Төленбек Саурбаев онлайн қосылды. Кворум қамтамасыз етіліп, отырыс заңды өтті.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі – кәсіпорын басшысы, оның орынбасарлары мен бас бухгалтерінің 2026 жылдың ІІІ тоқсанына арналған үстемақысы мен ынталандыру төлемдерін бекіту үшін ІІ тоқсандағы бағалау көрсеткіштерінің орындалу қорытындысы. Есепке сәйкес, барлық индикаторлар 100 пайыз орындалған.
Екінші мәселе – №7 қалалық емханасының 2026–2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. Баяндамалар тыңдалып, талқылау нәтижесінде ынталандыру төлемдері келісіліп, стратегиялық жоспар бекітуге ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1266064?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау