Тараз қаласының тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дағы «Дербес менеджер» сервисін жиі пайдалана бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік құралдарын тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді жалпы кезекті күтпей алуға мүмкіндік беретін «Дербес менеджер» сервисіне сұраныс артып келеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалында хабарлады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мамандандырылған ХҚКО-дағы «Дербес менеджер» сервисін 1 309 адам пайдаланған. Ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл қызмет 176 рет көрсетілген. Осылайша, жүгінушілер саны 7 еседен астам артқан. Бұл тұрғындардың заманауи әрі қолайлы қызмет көрсету форматтарына қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Дербес менеджер қызметін алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ның ресепшн бөліміне жүгіну қажет. Дербес менеджер қызмет алушыларды кезектен тыс қабылдап, автокөлікті тіркеу, көлік құралдарын есепке қою және есептен шығару, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін алу бойынша құжаттарды рәсімдеуге толық сүйемелдеу көрсетеді. Мамандандырылған ХҚКО-ларда бұл қосымша сервистің құны 6 306 теңгені құрайды.

Аталған сервис өз уақытын бағалайтын және мемлекеттік қызметтерді ұзақ күтпей, жайлы жағдайда алуды қалайтын азаматтар үшін ерекше қолайлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1265992?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version