Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан Урбанистика орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына (азаматтық қызметші) орналасуға конкурс жариялайды.
Мемлекеттік тіркеу номері:БСН: 190640008013, Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі №4, анықтама телефондары: +7-708-702-96-96)
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан Урбанистика орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (бұдан әрі – Директор), А-блок бойынша, А1-3 (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 200 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін.
Директор өз жұмысында нормативтік құжаттарда, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады. Еңбек тәртібін сақтайды.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына бағынады.
Лауазымдық міндеттері: Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық – шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісім-шарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтары шығарады, іскерлік кездесулерде ұйының атынан өкілдік етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорынның (Мекеменің) қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның (мекеменің) өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады. Кәсіпорының (Мекеменің) шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруында заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнесті (кәсіпкерлік қызметке) қолдау көрсету мен ауқымын кеңейту мақсатында кәсіпорынның (мекеменің) инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның (мекеменің) мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №750 бұйрығына және өзге де заңнамасы, Түркістан облысы және Түркістан қаласы әкімдіктерінің қаулылары, Түркістан қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдері, Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм-нің «Түркістан Урбанистика орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже мен осы лауазымдық нұсқаулық негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органдардың кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін, сәулет саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді және озық шетелдік және отандық тәжірибе, ұқсас озық ұйымдар қызметінің тәжірибесі, шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеудің және жасаудың және әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:.
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; - Нарко-психо диспансерлердің анықтамалары;
- Сотталу туралы анықтама.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ақпараттар құралдарында, соның ішінде
«Түркістан» газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнінің ішінде
мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: БСН: 190640008013, Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі №4, анықтама телефондары: 8-(708)702-96-96 (жұмыс уақыты 9:00-13:00 15:00-19:00)
немесе e-mail: saulet_tur_13@mail.ru электрондық поштасына.
Әңгімелесу өтетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі №4, Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1266030?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау