Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Сабыралы Сейсембиев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерімен кездесті.
Америка тарапынан кездесуге АҚШ Елшілігінің экономикалық бөлімінің басшысы Джин Фостер мен экономика мәселелері жөніндегі маман Құралай Омарова қатысты.
Басқарма бастығы мерикалық тарапқа Комитеттің қызметі, оның негізгі жұмыс бағыттары және прокуратура органдары жүзеге асырып отырған инвесторлардың құқығын қорғау тетіктерін таныстырды.
Кездесуде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, Инвестициялық омбудсмен институтының қызметі, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою және Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар инвесторлардың құқығын қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, тәжірибе алмасу мәселелерін және инвестициялық ортаны жетілдіру бағытындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, қос тарап Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған диалогты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара қызығушылық білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1265844?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау