Заманауи технологиялардың арқасында жедел әрекет ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық қауіпсіздікті тәулік бойы қамтамасыз етеді.

Бейнекамералар арқылы тіркелген әрбір құқық бұзушылық туралы ақпарат жедел түрде полицияның жақын маңдағы нарядтарына жолданады. Полиция қызметкерлері түскен хабарламаға дереу ден қойып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.

Заманауи технологиялар құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға да мүмкіндік беріп, өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жетісу облысы Полиция департаменті қоғамдық орындарда үздіксіз бейнебақылау жүргізілетінін еске салады. Әрбір құқық бұзушылық назардан тыс қалмайды және әрбір дерекке заң аясында құқықтық баға беріледі. Заң мен тәртіпті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1266199?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version