Жамбыл облысында медицина ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында медицина ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында 2026 жылғы 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өңірдегі медицина ұйымдарының бірінші басшылары мен олардың орынбасарларына арналған «Басшы мектебі–1» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Оқытуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының жетекші сарапшылары жүргізуде.

Оқытудың ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек қатысып, медицина ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттерін үнемі жетілдірудің, заманауи басқару тәсілдерін енгізудің және медициналық көмектің сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Оқу бағдарламасы денсаулық сақтау саласындағы өзекті бағыттарды қамтиды. Қатысушылар алғашқы медициналық-санитариялық және стационарлық көмекті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, созылмалы ауруларды басқаруды, дәрілік саясат пен госпитальдық фармацияны, медициналық құқықты, кадрлық менеджментті, үздіксіз кәсіби дамуды, медициналық статистиканы, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мен қауіп факторларының алдын алу мәселелерін меңгереді.

Оқытудың бірінші күні алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету стандарттарындағы жаңашылдықтарға арналды. Қатысушылар құзыреттілік орталықтарының дамуы, олардың медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы рөлі, екінші деңгейдегі стационарлық көмекті жетілдірудің заманауи тәсілдері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар медициналық көмекті тиімді ұйымдастыру және пациенттердің бағытталу жүйесін жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды. Дәрісті ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарушы директоры Жанар Ботағарина жүргізді.

Біліктілікті арттыру курсы 7 тамызға дейін жалғасады. Бағдарлама аясында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру, медицина ұйымдарын басқару, кадрлық саясат, дәрілік қамтамасыз ету, медициналық құқық, қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық көмектің сапасын арттыру бағыттары бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1266041?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version