Жамбыл облысында полиция жасөспірімдердің жазғы еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында полиция жасөспірімдердің жазғы еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды күшейтті

Жазғы демалыс кезеңінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар еңбек етуі мүмкін сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы нысандарында және өзге де кәсіпорындарда профилактикалық рейдтер жүргізуде.

Іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу және жұмыс берушілерге заңнама талаптарын еске салу.

Рейдтер барысында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылатынын ескертеді.

Жасөспірімдерді ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға, түнгі уақыттағы еңбекке, үстеме жұмысқа, сондай-ақ ойын-сауық бизнесі нысандарында және алкоголь мен темекі өнімдерін өндіру және өткізу саласында жұмысқа тартуға тыйым салынатынына ерекше назар аударылады.

Профилактикалық жұмыстар ата-аналармен де жүргізілуде. Оларға балаларды жұмысқа орналастыру кезіндегі құқықтары, еңбек қатынастарын заңды түрде рәсімдеу тәртібі және жазғы демалыс кезінде еңбек жағдайларын бақылаудың маңыздылығы түсіндіріледі.

Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылаумен қатар, полиция қызметкерлері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды да жүргізуде. Жыл басынан бері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған кәмелетке толмағандар үшін 278 ата-ана мен 182 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті ескертеді: кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңды еңбек жағдайларын жасау – әрбір жұмыс берушінің міндеті. Заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1265783?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version