Жаңа жұмыс орындарын құру және бос жұмыс орындары туралы ақпаратты өзектендіру жұмыс берушілермен өткен кездесулердің басты тақырыптарына айналды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары қаладағы кәсіпорындарға барып, жұмыс берушілермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мамандар жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын түсіндіріп, бұл Ұлттық жобалар мен Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жұмыс берушілерге «Электрондық еңбек биржасы» порталында бос жұмыс орындарын нақты жалақы мөлшерін көрсете отырып орналастыру қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ портал арқылы жұмыс іздеушілердің «үн қатулары» негізінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау тәртібі түсіндірілді. Кездесу соңында жұмыс берушілерге кадрларды тиімді іріктеу үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақтылы жаңартып отыру ұсынылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/press/news/details/1266275?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version