⚠️ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА ТАРТУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың еңбек етуіне қатысты арнайы талаптар белгіленген.
👧🏻 Балалардың еңбегін қорғау – баршамыздың міндетіміз!
❌ Кәмелетке толмағандарды:
* ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға;
* түнгі уақыттағы жұмыстарға;
* үстеме жұмыстарға;
* еңбек жағдайы баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
⏰ Жұмыс уақыты:
* 14–16 жастағы балаларға – аптасына 24 сағаттан аспауы тиіс;
* 16–18 жастағы жасөспірімдерге – аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс.
👨👩👧👦 Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау – ата-ана, жұмыс беруші және қоғамның ортақ жауапкершілігі.
📌 Заңды сақтайық – балалардың болашағын қорғайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-kyzyltal/press/news/details/1266259?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау