Былтыр Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталған еді. 7 учаскеге бөлінген жобаның екеуі толықтай Әйтеке би ауданының аумағында орналасқан.
927–965 шақырым аралығын қамтитын бірінші учаскенің ұзындығы – 38 шақырым. Мұнда мердігер «Ақ жол» ЖШС мобилизациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл кезеңде құрылыс алаңына арнайы техникалар мен материалдар жеткізіліп, жұмысшыларға арналған уақытша қалашықтар, қоймалар және қажетті инфрақұрылымдар орналастырылады.
Ал 965–1025 шақырым аралығындағы екінші учаскеде «Сине Мидас Строй» компаниясы жер жұмыстарына кірісті. Мердігер биыл жолдың жер төсемін салу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Нысанды пайдалануға толық беру 2029 жылға жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1266051?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау