Тұрғындардың облыс әкімімен өткен есептік кездесуінде Мұнайшы ауылының өндірістік аумағындағы ауылішілік жолдардың сапасына қатысты өзекті мәселе көтерілген болатын.
Аталған мәселе назарға алынып, бүгінде Мұнайшы ауылының өндірістік аумағындағы аудандық маңызы бар 1,7 шақырым автомобиль жолында шұңқырларды жөндеу (ямалық жөндеу) жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары жолдың тозған бөліктерін қалпына келтіріп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындар мен өндірістік аймаққа қатынайтын автокөліктер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Аталған жұмыстар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1266742?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау