Наурызбай ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді
2026 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Наурызбай ауданының аумағында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Наурызбай аудандық Полиция басқармасы хабарлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру.
ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және жолын кесу, зардап шеккен азаматтарға уақтылы көмек көрсету, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасы тұрғындарды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына бейжай қарамауға шақырады. Егер сізге құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат белгілі болса, бұл жөнінде дереу 102 немесе 111 нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1266415?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау