🔰 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 30 шілде күні Департаменттің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
 
Іс-шара барысында «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбы бойынша еңбек заңнамасының талаптары, өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі саласындағы міндеттері, сондай-ақ өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізді.
 
Сонымен қатар, қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы, еңбек тәуекелдерін басқару, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелерінің маңыздылығы түсіндірілді.
 
Осындай түсіндіру жұмыстары еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруда, еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу барысында Түркістан облысы полиция департаментімен бірлесе жұмыс атқарылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1266634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version