Батыс Қазақстан облысында 2026–2027 оқу жылына жалпы орта білім беру ұйымдарының дайындығына жүргізілген мониторингтің екінші кезеңі аяқталды.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің мамандары білім беру ұйымдарына барып, ғимараттар мен инфрақұрылымның жай-күйін, жөндеу жұмыстарының барысын, оқу кабинеттерінің жабдықталуын, тамақтандыруды ұйымдастыруды, кадрлық қамтамасыз етілуін және қауіпсіздік талаптарының сақталуын зерделеді.
Мониторинг нәтижелері мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, бірқатар бағыттар бойынша қосымша ұйымдастырушылық шараларды қабылдауды қажет ететін мәселелер анықталды.
Атап айтқанда:
* апатты мектептердің орнына жаңа ғимараттар салу;
* үш ауысымды мектептер санын қысқарту;
* жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау және оларды қаржыландыруды қамтамасыз ету;
* реновация бағдарламасы аясындағы жұмыстарды іске асыру;
* мектептерді басшы және педагог кадрлармен толықтыру.
Мониторинг қорытындылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетіне жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1266994?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау