27 шілде күні Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономикалық даму және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Манасбаев Серік Шотбайұлының төрағалығымен «Нива» балалар сауықтыру лагерін жекешелендіру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өтті.
Жария тыңдауға Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы, мемлекеттік органдардың, мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жұртшылық қатысты.
Баяндамалармен Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Сұңқаров Мәулен Алмасұлы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бегатаров Ардақ Құрмашұлы сөз сөйледі. Сондай-ақ Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бектұрғанов Серік Шыңғысұлының ұстанымы тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған материалдарды қарап, жария тыңдауға шығарылған мәселе бойынша тиісті шешім қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1266376?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау