Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында елордалық спортшы Айша Әбдімәлік күміс жүлдеге ие болды.
Әйелдер күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Астана қаласының спортшысы финалда Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен белдесті. Қарсыласы – 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері.
Тартысты өткен финалдық белдесуде Айша 0:4 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Осылайша, елордалық балуан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде салды.
Айта кетейік, финалға дейін Айша Әбдімәлік Венгрия, АҚШ, Молдова және Грекия спортшыларын жеңіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1267069?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау