Алакөл ауданы бойынша көмір туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алакөл ауданы бойынша 5 теміржол тұйығы және 3 қатты отын қоймасы жылыту маусымына дайындық мақсатында жеке сектор тұрғындарына қатты отын (көмір) сату жұмыстарын бастайды.

Осыған орай, күзгі-қысқы кезеңде тұйықтарда қарбалас болмауы үшін, қатты отынды тамыз–қыркүйек айларынан бастап алдын ала сатып алуларыңызды сұраймыз.

Теміржол тұйықтары (Бескөл ауылында орналасқан):

1. «Жантөре Ырыс» ЖК – 21 500 теңге
2. «Контакт Угле Пром» ЖШС – 22 650 теңге
3. «BT ALLIANCE TRADE» ЖШС – 21 000–22 500 теңге
4. «АРС» ЖШС – 21 500–23 000 теңге
5. «ЕРКІН» ЖК – 21 500 теңге

Алдағы уақытта автомобиль жолдары арқылы (Қабанбай ауылында орналасқан) 3 қатты отын қоймасына көмір жеткізілетін болады:

1. «Кисляков» ЖК
2. «Қалажанова» ЖК
3. «Оспанов» ЖК

«Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1266682?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version