АЛАКӨЛ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ҰСЫНЫЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАР ЕСЕБІНЕ ҚАЛАЙ ТҰРУҒА БОЛАДЫ?

1-ҚАДАМ: ӨТІНІШ БЕРУ

Өтініш беру тәсілдері:

  Тұрғылықты жері бойынша «Отбасы банк» АҚ филиалына жүгіну;

  Немесе Otbasybank.kz электрондық порталы арқылы өтініш беру.

Өтінішті келесі санаттағы азаматтар бере алады:

  Көпбалалы отбасылар;

 Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және әскери қызметшілер;

  Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

  Жалғыз тұрғын үйі заңнамаға сәйкес апатты деп танылған азаматтар;

  Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

2-ҚАДАМ: ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІН КҮТУ

  Азамат тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегіне енгізіледі.

  Тұрғын үй ұсынылғанға дейін кезегінің келуін күтеді.

3-ҚАДАМ: КЕЗЕК КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА

 «Отбасы банк» АҚ азаматпен байланысып, тұрғын үйді алу мүмкіндігі бар екендігі туралы алдын ала хабарлайды.

  Аудан бойынша қолданысқа берілген тұрғын үйлердің біріне үміткер ретінде ұсынылады.

  Азамат ұсынылған тұрғын үймен танысады.

5 жұмыс күні ішінде тұрғын үйді қабылдайтыны немесе бас тартатыны туралы шешім қабылдайды.

  Келісім берген азаматтардың тізімін «Отбасы банк» АҚ қалыптастырады.

4-ҚАДАМ: ТІЗІМДІ ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ

«Отбасы банк» АҚ қалыптастырылған тізімді Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне ресми хатпен жолдайды.

Осы тізім негізінде бөлім:

  Тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімін ұйымдастырады;

  Тұрғын үйді жалдау шартын рәсімдейді;

  Тұрғын үй ордерін береді.

5-ҚАДАМ: ТҰРҒЫН ҮЙДІ ҚАБЫЛДАУ

  Азамат тұрғын үйдің кілтін алады;

  Қажетті құжаттарға қол қойғаннан кейін;

  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйге қоныстанады.

 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына және кезектілік тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1265868?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version