Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ақмола облысы әкімінің өкімімен халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл болып Мұхамедрахимова Анаргүл Хайыржанқызы тағайындалғанын хабарлайды.
Уәкіл қызметінің негізгі бағыттары:
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- өтініштерді қарауға және проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- әлеуметтік қорғау саласындағы жүйелі мәселелерді анықтау;
- мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
- әлеуметтік саясат тетіктерін жетілдіруге және инклюзивті ортаны қалыптастыруға қатысу.
Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік осал топтарына көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер, жетім балалар, ардагерлер, қандастар, ауыр созылмалы аурулары бар азаматтар, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін өзге де азаматтар санаттары жатады.
Өңірлік Уәкілді тағайындау азаматтардың құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халықтың өтініштерін жедел қарауға бағытталған.
Байланыс ақпараты
Ақмола облысының халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкілі — Мұхамедрахимова Анаргүл Хайыржанқызы.
Азаматтарды қабылдау әр айдың 25-і күні мына мекенжайда өткізіледі: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23, 1-қабат. Егер көрсетілген күн демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, қабылдау ең жақын жұмыс күніне ауыстырылады.
Қабылдауға алдын ала жазылу келесі телефондар арқылы жүзеге асырылады:
- +7 (747) 735-90-13 — Мұхамедрахимова Анаргүл Хайыржанқызы;
- 8 (7162) 29-86-27 — Байтемирова Дамижан Салимовна.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1266577?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау