Ақтауда адам саудасының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында адам саудасының алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Адам саудасы – ауыр қылмыс» тақырыбында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылары мен келушілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтарға адам саудасының негізгі белгілері, оның қоғам мен адам өміріне тигізетін зардаптары, сондай-ақ мұндай қылмыстың құрбаны болмаудың жолдары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері арнайы дайындалған ақпараттық жадынамаларды таратып, күмәнді жағдайлар туындаған кезде қайда және қандай тәртіппен жүгіну қажеттігін түсіндірді.

Сонымен қатар, әуежай жолаушылары мен келушілері арасында адам саудасының алдын алуға бағытталған профилактикалық ақпараттық материалдар таратылды.

Осындай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамның назарын адам саудасы мәселесіне аудару, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен қырағылығын арттыру, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды жұмысқа орналасу, шетелге шығу және күмәнді ұсыныстарды қабылдау кезінде барынша сақ болуға шақырады. Егер азаматтар құқыққа қайшы әрекеттерге тап болса немесе күмәнді жағдайлардың куәсі болса, дереу полиция органдарына хабарласуы қажет.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266499?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version