Ақтөбеде облыстық соттың жаңа төрағасы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ақтөбе облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Әлібек Ахметовті таныстырды.

Ресми таныстыру рәсімі облыстық сот ғимаратында өңір басшысы Асхат Шахаровтың қатысуымен өтті.

Жоғарғы Соттың Төрағасы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №1382 Жарлығымен таныстырып, Ақтөбе облыстық сотының жаңа төрағасын тағайындау туралы шешімді жариялады. Сонымен қатар, сот жүйесінің алдында тұрған басым міндеттерге тоқталды.

Жиында сөз сөйлеген Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров облыстық соттың жаңа төрағасының тағайындалуы өңір үшін маңызды оқиға екенін атап өтіп, бұл шешім заңдылық пен әділдік қағидаттарын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде сот-құқықтық реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Біз Жоғарғы Соттың сот жүйесін жаңғырту, әкімшілік әділетті дамыту және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарын жоғары бағалаймыз. Әлібек Молдабекұлының мол кәсіби тәжірибесі мен жоғары біліктілігі сот төрелігінің сапасын одан әрі арттыруға және облыс тұрғындарының сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін», – деді облыс әкімі.

Асхат Шахаров сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың құқықтық мәдениетті арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында сот жүйесімен одан әрі сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Өңір басшысы жаңадан тағайындалған облыстық сот төрағасын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі.

Кездесу соңында Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев қорытынды сөз сөйлеп, сот жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1266671?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version