Аралдық сақшылар күшейтілген ауысымда қызмет атқаруда.
Бүгін руханият алаңында, Арал ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Құдайберген Бектөре Қасқырбайұлы нұсқаулық жиын өткізіп, жиынға бөлімнің жеке құрамы, Арал аудандық прокуратурасының қызметкерлері, аудан әкімдігінің, білім бөлімі және қоғам белсенділерімен бірлескен саптық байқау өткізіліп, түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан көлемінде құқық бұзушылықтың алу, заңсыз қару анықтау, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында құрылған мобильдік топ өкілдері Арал қаласындағы көшелер мен халық көп шоғырланатын орындар, кафе мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау