VІІІ сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХІХ сессиясы 2026 жылғы 10 тамызда сағат 17.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияда қарауға мына мәселелер енгізіледі:
- «2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 31/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 22/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы.
Осы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сағат 15.00-де аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1266749?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау