АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 31 шілде күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессия отырысы  өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат өкілі қатысты.

Сессия отырысын мәслихат төрағасы О.Канагатов ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібіне  мәселе ұсынылып, қаралды:

1.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/14 –VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3.2026 жылғы 15 маусымдағы № 158 «Жер комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 189 қаулысын бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Қызов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов баяндады.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық екінші сессиясының жұмысы Интернет желісінде (LIVE) көрсетілді.

Онлайн трансляцияға сілтеме:https://www.youtube.com/live/ovQxkWEg0xg?si=R-EI8zpuGqotlS8b

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1266667?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version