🔹2026 жылдың 28 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен аумақтық әділет департаменттерінің ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша аппараттық кеңесі өтті.
🔹Кеңеске Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері және облыстық Нотариаттық палатасы мен жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының басшылары, Департаменттің бөлім басшылары онлайн форматта қатысты.
🔹Кеңес барысында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша және Нотариаттық қызмет пен заң көмегі саласындағы негізгі өзгерістер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жай-күйі, олардың түсу көрсеткішін азайту, құқықтық мәдениетті арттыру бойынша мәселелер қаралды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мерзімдердің қатаң сақталуы, рәсімделетін жауаптардың сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағыттары талқыланды.
🔹Сондай-ақ, аумақтық әділет департаменттерінің 2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша қызметінің қорытындылары шығарылып, негізгі көрсеткіштер мен атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1266745?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау