Ерекше талаптар белгіленген түпқарағандық тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған ауданы аумағында ерекше талаптар белгіленген тұлғалармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Аталған санаттағы азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, заң талаптарын сақтау, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және қоғамдағы тәртіпті сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, олардың мінез-құлқын түзетуге және қоғамға бейімделуіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, ерекше талаптарды сақтауына бақылау жүргізілуде. Полиция қызметкерлері олардың белгіленген міндеттерді орындауын тұрақты бақылауда ұстап, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу – полиция мен қоғамның ортақ міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266485?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version